×

V Исламиада: Аида Бауыржанова бір өзі алтын, күміс, қола жүлде алды

Ол бұған дейін де спорттық гимнастикадан Аяжан Шәмшитдинова екеуі құрмет тұғырына көтерілген болатын

 Дастан Жұмабекұлы 19.08.2022 | 09:15
фото: МСМ Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі

Түркияның Кония қаласында өткен V Ислам ынтымақтастық ойындарының соңғы күні спорттық гимнастикадан ел қоржынына 3 жүлде түсті.

Аида Бауыржанова еркін жаттығудан Ислам ойындарының чемпионы атанса, бөренеде жаттығудан күміске ие болып, асимметриялық параллеизмнен қола жүлдені иеленді.

Ол бұған дейін де елімізге жүлде сыйлаған еді. Спорттық гимнастикадан командалық сында Аяжан Шәмшитдинова екеуі қола медаль алып, құрмет тұғырына көтерілген болатын.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама