×

«Президент болғысы келіп жүр...»: журналист Аймағамбетов туралы айтты

Журналист Оқу-ағарту министріне қарсы ақпараттық шабуыл ұйымдастырылып жатқанын жазды

 Халық үні 19.08.2022 | 08:00
коллаж: Halyq Uni

Танымал журналист Дина Елгезек өзінің Facebook-тегі парақшасында Оқу ағарту министрі Асхат Аймағамбетовке қатысты жазба жариялады, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі. 

Оның айтуынша, Асхат Аймағамбетовке қарсы шабуыл үдеп жатыр. Тапсырыс екені анық. 

«Тапсырыс берушінің кім екенін де ішім сезеді. Биліктегі белгілі жемқорларға Асхаттың ақылы мен білімі, жемқор еместігі, принципиалдығы ұнамаса керек. Сол жемқорлардың жемқорлығын Асхат бірнеше рет әшкере қылған деп естідім. Содан ата жауына айналған. Билікте біреуді құртқың келсе «Президент болғысы келіп жүр» деп өсек тарат. Эффекті мықты. Соған есептеп отырған болуы керек. Тағы бір жайт, Аймағамбетовтің бастауыштан үштілділік дегенді құртып, әліппені қайтарғаны «өзгелерге» ұнамай қалған сыңайлы. Ал оларға ұлтына бүйрегі бұратын «қауіпті элементтердің» өскені емес, тезірек өшкені керек. Өзегі өртенген өзгелер «өзі еместерге» тапсырыс бермей қайтсын…», – деп жазды журналист.

Еске салайық, жақында Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов кеше ұлына мектеп формасын сатып алуға қанша ақша жұмсағанын айтты. Министрдің мәлімдемесін белгілі заңгер Жангелді Сүлейманов сынға алып, көпшіліктен Asia Park сауда-ойын-сауық орталығындағы GLASMAN дүкеніне барып, заттаңбадағы мата құрамын суретке түсіруді сұрады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама