×

Намаз оқымағаны үшін ұрып-соққан: Алматыдағы ауыр қылмысқа қатысты тың дерек шықты

Қазір жасөспірімнің жаздайы ауыр

 Халық үні 18.08.2022 | 20:21
фото: tengrinews.kz

Алматыда өз ұлын ұрып-соққан ер адам қамауға алынды, деп хабарлайды Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі.

Ведомство мәліметінше, жасөспірім 15 тамыз күні ауруханаға жеткізілді. Оған жабық бассүйек-ми жарақаты, бас миының жарақаты, маңдай қуысының алдыңғы қабырғасының сынуы, мұрын сүйектерінің сынуы диагнозы қойылды.

«Алатау аудандық Полиция басқармасы сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Күдікті – К.есімді азамат ҚР ҚПК-нің 128-бабы бойынша ұсталды және УҰИ қамалды. Тергеу барысы Алматы Полиция департаменті басшылығының бақылауына алынды», - делінген хабарламада. 

Еске сала кетейік, Алматы қаласының тұрғыны Айдын Құрманбеков өзінің 17 жастағы баласын намаз оқымағаны үшін әбден ұрып, жансақтау бөлімінен бір-ақ шығарғанын жазған болатынбыз. 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама