×

V Исламиада: жүзушілер қола жүлдені жеңіп алды

Қазақстан командалық есепте бесінші орында келеді

 Дастан Жұмабекұлы 17.08.2022 | 10:39
фото: Мәдениет және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясы

Түркияның Кония қаласында өтіп  жатқан V Ислам ынтымақтастық ойындарында ел қоржынына қола жүлделер түсті. Ол жүлдені брасс әдісімен 100 метрге жүзуден сынға түскен Аделиада Пчелинцева мен шалқалап жүзуден 50 метрге жарысқан Ксения Игнатова және 4×100 еркін жүзуден командалық сында Қазақстан құрамасы қола медаль жеңіп алды.

Брасс әдісімен 100 метрге жүзуден бірінші-екінші орынды түрік қыздары Виктория Зейнеп Гүнеш пен Назал Озкан өзара бөліссе, біздің тағы бір қызымыз София Әбубәкірова төртінші орында қалып қойды.

50 метрге шалқалап жүзуден бірінші-екінші орынды Түркияның спортшылары Екатерина Иванова мен Сезин Елігүл өзара бөліссе, өзбек спортшысы Алена Васильева төртінші орында қалды.

Командалық сында түріктер бас жүлдеге ие болса, екінші орында Индонезия қыздары иеленді. Өзбектерге бұйырғаны төртінші орын.

Осымен түріктерде алтын саны 105-ке жетсе, екінші орындағы өзбектерде 43 алтын медаль бар. 37 алтын жүлдемен Иран құрамасы үшінші орында тұрса, төртінші орындағы әзербайжандар алтын медаль санын 22-ге жеткізіп, Қазақстан құрамасынан ұзап барады. Отандастарымыз әлі сол 19 алтын, 20 күміс және 31 қола жүлдемен бесінші орында келеміз.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама