×

Елордадағы аулалардың бірінде джип жүргізушісі баланы қағып кетті

Бала оқиға орнында қайтыс болды.

 Дастан Жұмабекұлы 16.08.2022 | 13:16
фото: polisia.kz

Астанда «Land Cruiser 200» маркалы автокөлік баланы аулада қағып кетті. Бала сол жерде қайтыс болды. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қайғылы оқиға бүгін сағат 11.38-де болды. Е-251 көшесіндегі үйдің ауласында «Land Cruiser 200» маркалы джип автокөлігінің 35 жастағы жүргізушісі көлікті қою кезінде баланы қағып кеткен. Бала ауыр жарақаттан оқиға орнында қайтыс болды.

Айта кетейік, Қылмыстық кодекстің 345-бабы 1-бөлігі («Көлiкті басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiкті пайдалану қағидаларын бұзуы абайсызда адам өліміне әкеп соққан іс-әрекет») бойынша белгілi бiр лауазымды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан 5 жылға дейiнгi мерзiмге айырып, 5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазасы қарастырылған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама