×

Заңгер Тасмағамбетов пен Есімовтің жерге қатысты шешімдері тексерілетінін айтты

Экс-әкімдердің шешімдері «Жер аманаты» комиссиясының жұмысы аясында тексерілетін болады

 Халық үні 16.08.2022 | 06:45
Фотоколлаж: Azattyq Rýhy

«Жер аманаты» республикалық комиссиясының негізгі мақсаттарының бірі – Алматыда сақталып қалған соңғы алма бағын аман алып қалу және экс-әкімдер Храпунов, Тасмағамбетов және Есімовтің кезінде заңсыз үлестірілген жерлерді мемлекет меншігіне қайтару. Бұл туралы «Жер аманаты» комиссиясы төрағасының орынбасары, заңгер Бақытжан Базарбек Facebook-тегі парақшасында хабарлады.

Олар зәулім үйлер, коттедждер салу үшін алма бағының жерлерін беріп жіберген. Соның салдарынан қаншама алма ағашы шабылды. Біз алма бақтарынан осылайша айырылып қалдық,- деп жазды ол.

Заңгердің айтуынша. қазір Алматыдағы Жамақаев көшесінің жоғарғы бөлігінде орналасқан алма бағы қалада сақталып қалған соңғы бақ екен.

Жақын күндері біз Виктор Храпуновтың «Элит Алатау 007» ЖШС-сіне, Иманғали Тасмағамбетовтің «Asia Construction» ЖШС және «Ermensay» ЖШС-сіне берген алма бақтары қаншалықты заңды берілгенін анықтайтын боламыз. Жауапкершіліктен ешкім қашып құтыла алмайды, – дейді заңгер.

Экс-әкімдердің шешімдері «Жер аманаты» комиссиясының жұмысы аясында тексерілетін болады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама