×

V Исламиада: Қазақстан 16 алтын жүлде алды

Спортшыларымыз бесінші орында келеді

 Дастан Жұмабекұлы 15.08.2022 | 09:39
фото: ашық дереккөз

Түркияның Кония қаласында өтіп  жатқан V Ислам ынтымақтастық ойындарында ел қоржынына тағы 2 алтын, 2 күміс және  1 қола жүлде түсті. 2 алтын мен қола медаль суға жүзушілердің еншісінде болса, 2 күміс жүлдені отандастарымыз ауыр атлетикадан өткен сында жеңіп алды.

Суға жүзушілеріміз София Әбубәкірова (50 метр) мен Әділбек Мусин (100 метр) алтыннан алқа тақса, Ксения Игнатова қола жүлдені иеленді. Ауыратлетші Айша Омарова (81 кг) серпе көтеруде 128 киломен күміс медаль алса, қоссайыс қорытындысында 226 киломен Ислам ойындарының күміс жүлдегері атанды.

Осылайша, Қазақстан құрамасы 16 алтын, 15 күміс және 26 қола жүлдемен әзірге бесінші орында келеді.

Бүгін жарыс жолына шығатын ауыратлетшілеріміз бен суға жүзушілерімізден және дзюдошыларымыздан алтын жүлделер күтеміз.

 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама