×

«Канело» Головкинді нокаутпен жеңгісі келетінін айтты

Альварес GGG-дің қауіпті қарсылас екенін мойындайды

 Халық үні 15.08.2022 | 02:18
фото: vesti.kz

Альварестің айтуынша, ол мамыр айында Дмитрий Биволдан жеңілгеннен кейін ашу үстінде.

Қазір мен бұрынғыдан да қауіптімін, жаралы аң сияқтымын. Мен 100% дайындалып жатырмын, жекпе-жекке асықпын және жеңіске деген құмарым артты. Басты мақсатым – жұдырықтасуды уақытынан бұрын аяқтау. 12 раундтың соңына дейін жеңгім келеді және сондай мүмкіндік болады деп ойлаймын, – деді ол мексикалық журналистерге берген сұхбатында.

Дегенмен Альварес GGG-дің қауіпті қарсылас екенін мойындайды.

Мен өз бабындағы Головкинге қарсы дайындалып жатырмын. Ол ақылды боксшы, соққысы қатты және оған соққы жіберу оңай емес. Бірақ мен оны жақсы білемін. Сондықтан не істеу керегін білем және біз соған дайындық үстіндеміз, – деді боксшы.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама