×

Ресей кәсіпкерлері банктерге 9,5 трлн рубль қарыз

Бұл ел дефолттың оқ-дәрі жәшігінің үстінде отыр

 Дастан Жұмабекұлы 14.08.2022 | 10:07
фото: moscowtimes.ru

Ресей кәсіпкерлері жалпы сомасы 8 триллион рубль көлемінде жеткен кредиторлық қарыздарын қалай жабарларын білмей, тығырыққа тірелді.

Бұл туралы «The Moskow Times» порталы хабарлады.

Бейбіт елге жасаған басқыншылық соғысы салдарынан жаппай санкция мен жан-жақты бұғаттауға ұшыраған Ресей триллиондаған рубль сомалы дефолттың оқ-дәрі жәшігінің үстінде отыр, – делінген хабарламада.

Орталық банктің мәліметіне қарағанда, банктер 19 ақпан мен 31 шілде аралығындағы кезеңде өз клиенттерінің 9,5 трлн рубль көлеміндегі кредиттерін қайта қарап, ұзақ мерзімдерге созып берді.

Бұл займдардың 80 пайызы, яғни 8,4 трлн рубль бастапқы қалпындағыдай қызмет етуден қалған бизнес несиелерінің еншіне тиеді. Қайта мерзімдеу шарасынан әрбір бесінші (19%) ірі кәсіпорын өтті. Олардың төлем төлеу шарттары өзгертілді. Бұған несиені төлеп біту уақытының ұзартылуы мен жеңілдіктер кірді.

Мұндай проблемалар тіпті бұған дейінгі пандемия кезінде де болмаған екен.

Ресей мемлекеттік статистикасының мәліметіне қарағанда, мамыр айының соңында 5,6 мың компания 4,097 трлн рубльді уақытында төлей алмапты. Бизнестің жыл басынан бергі кредиторлық қарыздары 302 млрд рубльден 4 трлн 097 млрд рубльге дейін жетіпті.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама