×

ФИФА Катардағы әлем чемпионатының уақытын өзгертті

Мундиаль 20 қараша күні басталады

 Дастан Жұмабекұлы 12.08.2022 | 11:01
фото: ашық дереккөз

Биыл футболдан Катарда өтетін әлем чемпионаты бір күн ерте басталады.

Бұл туралы Халықаралық футбол федерациясының ресми сайты хабарлады.

Енді  мундиальдың ашылу салтанаты 21 қарашада емес, бір күн бұрын болады. Сөйтіп, 20 қараша, жексенбі күні Катар мен Эквадор құрама командалары кездеседі.

Бұл ойынға дейін де екі матч өтеді. Сенегал Нидерландымен, Англия Иранмен кездеседі.

Мундиаль 18 желтоқсанға дейін жалғасады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама