×

Елімізде қайырымдылық жасаған адамдарға құрметті атақ беріледі

Ол жыл сайын байқау негізінде тағайындалады

 Динара Амантай 11.08.2022 | 15:28
Коллаж: Halyq Uni

Қазақстанда жақсылық жасап, қайырымдылықпен айналысып жүрген азаматтарға құрметті атақ беріледі. Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Азаматтық қоғам істері комитетінің төрағасы Мадияр Қожахмет Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

Қайырымды іс жасаған адамға немесе ұйымға құрметті атақ беріледі. Қазір оның ережесі мен талабы әзірленіп жатыр. Қайырымдылық жасағаны үшін берілетін құрметті атақ жыл сайын байқау негізінде тағайындалады. Атақ жеке адамға немесе ұйымға берілуі мүмкін. Кісінің немесе ұйымның жасаған игі істерін арнайы комиссия қарап, нәтижесінде құрметті атақ беру немесе бермеу туралы шешім қабылданады, – деді Мадияр Қожахмет.

Айта кетсек, бүгін Орталық коммуникациялар қызметі алаңында Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі әзірлеген «Кейбір заңнамалық актілеріне волонтерлік қызмет, қайырымдылық, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, стратегиялық әріптестікті іске асыруға мемлекеттік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар мен сыйлықтар, дәрілік және әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасы талқыланды.

Министрлік өкілінің мәліметінше, Заң жобасы үш негізгі блоктан тұрады: волонтерлік қызмет, қайырымдылық және үкіметтік емес ұйымдарды мемлекеттік қолдау.

Еске сала кетсек, бұған дейін Назарбаевтың қайырымдылық қоры журналистік зерттеумен айналысатын америкалық басылымды сотқа бергені туралы жаздық.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама