×

Ресейде Путинді сынаған журналист қамауға алынды

Марина Овсянникова 10 жылға сотталуы мүмкін

 Дастан Жұмабекұлы 11.08.2022 | 09:57
фото: zona.media

Ресейде Бірінші арнаның бұрынғы қызметкері Марина Овсянникова армияның «беделін түсіргені үшін қамауға алынды.

Бұл туралы оның адвокаты Дмитрий Захватов мәлімдеді.

Оның айтуынша, қазір тергеу басталды. Марина Овсянникованың кәмелетке толмаған екі баласы бар. Журналисттің қамауға алынуын немесе сот басталғанша бостандықта жүруін тергеушілер шешеді. Бұлтартпау шарасы бойынша сот отырысы 11 тамызда Мәскеудің Басман сотында өтеді.

Маринаға Ресей Федерациясы Қылмыстық кодексінің 207.3-бабының 2-бөлігінің «е» тармағы бойынша айып тағылды. Онда 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Істің қозғалуына Софийская жағалауындағы пикет себеп болды, –  деді адвокат «Новости» ақпарат агенттігіне.

15 шілдеде Овсянникова Мәскеудегі Софийская жағалауына: «Путин –  қанішер. Оның сарбаздары –  фашист. 352 бала өлді. Сіз есіңізді жиғанша тағы қанша бала өлуі керек?», - деген жазумен шыққан болатын. Бірақ ол кезде полицейлер Овсянникованы ұстамаған.

Бұған дейін заңгер журналиске іздеу жарияланғанын хабарлаған болатын.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама