×

Украина Қырымдағы аэродромға шабуыл жасағанын мойындады

«Гром» жедел-тактикалық ракета кешені 280 шақырымға жете алады

 Дастан Жұмабекұлы 10.08.2022 | 17:12
фото: moscowtimes.ru

Украина Қарулы күштері Қырымның Новофедоровка деген жеріндегі Ресейдің «Саки» деген аэродромын атқылаудың жауапкершілігін өз мойнына алды.

Бұл туралы «The Moskow Times» порталы хабарлады.

Украинаның жағдайдан жақсы хабардар жоғары лауазымды әскери шенеунігі соққының соңында өз елінің әскерилері тұрғанын айтты.

Ол мұны Ресей ұшақтарының осы авиабазадан ұшып шығып, Украинаның оңтүстігін бомбалап жүргенімен түсіндірді.

«РБК-Украинаның» хабарлауынша, Украинада Саки ауданына дейін ұшып жете алатын жалғыз қаруы – «Гром» жедел-тактикалық ракета кешені бар. Ол 50-280 шақырым қашықтықтағы стационарлық, яғни бір орнында тұрған нысанаға соққы беруге арналған. Сонымен бірге, бұл қашықтықты 150-500 шақырымға дейін ұзарта да алады. Ал Херсон және Николаев облыстарынан майдан шебіне дейінгі аралық шамамен 200 шақырым болады.

Украинада снаряды Қырым түбегіне дейін жете алатын қару жоқ. Тек ұшақтар ғана мұны жасай алады. Бірақ оларды Ресей әуе шабуылына қарсы күштері оңай атып түсірер еді, – деп жазады басылым.

Украина Ішкі істер министрінің бұрынғы кеңесшісі Виктор Андрусив Новофедоровкадағы авиабазадағы жарылысты Украина Қарулы күштері өздеріне келіп түскен, 200-300 шақырым қашықтыққа дейін бара алатын қарулармен жасауы да мүмкін екенін айтып отыр.

Ресейдің Қырымдағы билігінің өкілі жарылыстың болғанын растады. Бірақ ол жөнінде асығыс шешім шығармау керектігін айтты.

Украина Қарулы күштері әзірге бұл соққыға өздерінің қатыстары бар-жоқ екенін ресми түрде жариялаған жоқ.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама