×

Қостанайда жоғалған 5 жасар қызды іздестіру тәсілдері өзгерді

Енді бала тыныш жағдайда іздестіріліп жатыр

 Дастан Жұмабекұлы 10.08.2022 | 16:43
фото: gov.kz

Қостанай облысының полиция департаменті жоғалған 5 жасар Мәдина есімді қызды іздестіру тәсілдерін өзгертті. Енді тәртіп сақшылары мен еріктілер баланың мінез-құлқындағы ерекшелігін ескеріп, іздестіруді тыныш режимде жүргізіп жатыр.

Бұл туралы Қостанай облысының Полиция департаменті хабарлады.

Іздеу шараларының әдіс-тісілдері мамандардың ұсынысы бойынша өзгертілді. Іздестіру баланың мінез-құлқындағы ерекшелігін ескере отырып, тыныштық режимінде жүргізіліп жатыр. Аумақты тінту бағыты да өзгерді. Егер бұрын аумақты зерттеу Тобыл өзенінің бойымен жүргізілсе, енді Тобылдан Жамбыл ауылына қарай бағыт алады. Түнде адамды дене температурасының жылуымен анықтайтын тепловизорлар арқылы іздеу тактикасы қолданылды. Таңертең төрт бағыт бойынша 100 шақырымға дейінгі іздеу аймағын қайта жүріп өту жұмыстары басталды, –  делінген полиция департаментінің хабарламасында.

Кеше Қостанай қаласында із-түзсіз жоғалған бес жасар Мәдина Ерланқызын іздеу үшін егістік алқаптың әр жеріне сусын мен тамақ байланған шарлар қалдыру жөнінде шешім қабылданды. Сонымен бірге кешкі уақытта егістік алқабының үстінен дельтапландар ұшырылады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама