×

Қорғаныс министрлігі жаздағы әскерге шақыруға түсініктеме берді

Жастар әскери комиссариатқа шақыртылып жатыр

 Халық үні 10.08.2022 | 08:38
ашық дереккөзден

Жастарды енді әскери комиссариатқа келу талабымен жазда шақырту жіберетін болды.

Қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, Қазақстанда мерзімді әскери қызметке шақырылуға жататын жастарды іріктеу бойынша алдын ала жұмыстар жүргізілуде.

Жазғы әскерге шақыру туралы мәселені Telegram арналарының бірі көтерген. Арна 9 тамызда Нұр-Сұлтандағы әскери комиссариаттардың біріне келу керектігі туралы SMS хабарламаны жариялаған.

Бұған дейін әскери комиссариат студенттерді диплом қорғап шыға салысымен бірден алып кететін болса, қазір шақыру қағазын жазда жіберетін болыпты. Жалпы әдетте жастар әскерге көктемгі және күзгі уақытта ғана шақырылады. 

Сондай-ақ Телеграм арна жариялаған хабарламада келмеген жастар жауапқа тартылатыны айтылған.

Тіркеу орны бойынша жергілікті әскери басқару органдарына келу туралы шақыру әскерге шақырылуға жататын жас жігіттерді алдын ала зерттеу және іріктеу, сондай-ақ жеке деректерін түзету мақсатында жіберіледі. Әскери қызметке шақыру 1 қыркүйекте басталып, желтоқсанның соңына дейін жалғасады. Әскери қызметке шақырылуға жататын азаматтар жергілікті әскери басқару органының күн тәртібіне онда көрсетілген уақытта келуге міндетті, – деп түсіндірді Қорғаныс министрлігі.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама