×

WhatsApp-та жаңа функция пайда болады

Марк Цукерберг қолданушылар жүзбе-жүз сөйлесіп отырғандай болуы қажет екенін айтты

 Халық үні 09.08.2022 | 16:52
коллаж: Халық үні

WhatsApp-та жаңа функция пайда болды. Енді мессенджердегі топтан кімнің шыққаны көрсетілмейді. Бұл өзгерісті Марк Цукерберг Facebook парақшасында хабарлады.

«WhatsApp-та құпияны сақтау бойынша өзгерістер енгізіліп жатыр. Енді топтан қатыстушыларға хабарламай-ақ шығып кетуге болады. Сондай-ақ қолданушының онлайн отырғанын кім көре алатынын бақылау, қолданушы жолдаған хабарламаны скриншот ретінде сақтап алуға рұқсат беру-бермеу мүмкіндігі енгізіледі», - деп жазды Meta компаниясының негізін салушы Цукерберг.

Оның айтуынша, келешекте де қолданушылар жолдаған хабарламаның тарап кетпеуіне, оның құпия қалуына жағдай жасалады. Сондай-ақ Марк Цукерберг WhatsApp-та адамдар жүзбе-жүз сөйлесіп отырғандай болуы қажет екенін айтты.

Айта кетейік, Meta компаниясына Facebook, Messenger, WhatsApp және Instagram тиесілі.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама