×

Қаңтар қасіреті: азаптау фактісі бойынша 5 полицей сот алдында жауап береді

Талдықорған қаласында жаппай тәртіпсіздік жасағаны үшін ұсталған 23 азаматқа азаптау қолданғаны дәлелденді

 Динара Амантай 09.08.2022 | 12:30
Коллаж: Halyq Uni

Арнайы прокурорлар Алматы облысының полиция департаментінде үтік басумен азаптауды қолдану туралы іс бойынша тергеу әрекеттерін аяқтады. Бұл туралы Бас прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады.

Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында прокуратура органдары қаңтар айындағы оқиғалар кезеңінде ұсталғандарға азаптауды қолданған полиция қызметкерлеріне қатысты қылмыстық істерді тергеуді жалғастырып жатыр.

Тергеу нәтижесінде полиция қызметкерлерінің 2022 жылғы 7-17 қаңтар аралығында Талдықорған қаласында жаппай тәртіпсіздік жасағаны үшін ұсталған 23 азаматқа азаптау қолданғаны дәлелденді.

Қылмыстық кодекстің 146-бабы бойынша 5 полиция қызметкері күдікті деп танылды, оның ішінде 3 Криминалдық полиция басқармасының қызметкері, 1 Әкімшілік полиция басқармасының инспекторы және 1 ЖҚАЖ қызметкері, – делінген хабарламада.

2022 жылғы 4 тамызда қылмыстық іс мәні бойынша қарау үшін сотқа жолданды.

Ведомство өкілдерінің мәліметінше, азаптауды қолданудың басқа да фактілерін тергеу аяқталуға жақын.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама