×

Украинадағы соғыс жаңа кезеңге көшті

Ресей әскері Николаевты қоршауға әрекет етіп жатыр

 Дастан Жұмабекұлы 08.08.2022 | 11:30
фото: izvestia.kiev.ua

Украинадағы соғыс жаңа кезеңге көшті. Ресей армиясы Николаев бағытында шабуылға шығуға дайындала бастады.

Бұл туралы «The Moskow Times» басылымы хабарлады.

Украинаның оңтүстіктегіндегі соғыс майданы 350 шақырымға созылатын жаңа кезеңге көшеді. Қазір осы жерлерге Ресей әскерлері шоғырландырылып жатыр. Мұны өзі РФ армиясының жаңа шабуылға дайындалып жатқанын көрсетеді, – делінген порталда Ұлыбритания барлау қызметінің дерегіне сілтеме жасап.

Арнайы қызметтің хабарлауынша, Ресей әскери көліктерінің, танктерінің, артиллериялары мен басқа да техникаларының ұзыннан ұзын созылған керуені Донбастан оңтүстік-батысқа жылжып барады.

Украина Оңтүстік қорғаныс күштері баспасөз қызметінің басшысы Наталия Гуменюктің айтуынша, Ресей Кривой Рог бағытына екпінді топтарын қалыптастырып, резерв тартуға әрекет жасап жатыр.

Қазір Украинаның басып алынған аумақтарында Ресейдің 25 мың солдаты бар. Олардың 10 мыңы Днепрдің батыс жағалауында, Николаевтің оңтүстік-шығысында тұр, – деп жазады басылым.

Газеттің хабарлауынша, соңғы уақытта Украинаның оңтүстігіне Донбасс пен Қырымнан Ресейдің тоғыз бөлімшесінен 500-800 адам әкелінген.

Киев Ресейдің Николаевты қоршауға алуға әрекет етіп жатқанын хабарлады. Украина президенті кеңсесі басшысының кеңесшісі Алексей Арестовичтің айтуынша, Донбастан әкелініп жатқан әскерлердің басым бөлігі десантшылар.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама