×

Алапат найзағай мұнай қоймасын жарып жіберді

Қаза тапқандар мен хабар-ошарсыз кеткендер де бар

 Еркеғали Болатұлы 08.08.2022 | 10:36
фото: Yamil Lage/Contributor/Getty Images

Кубада найзағай түсіп, мұнай қоймасы жарылды. Өрт түнде найзағай кезінде басталып, шикі мұнайы бар 8 резервуардың екеуін шарпыған.

Кубаның Матансас қаласындағы мұнай қоймасында болған жарылыстар легінен және өрт салдарынан 120-дан аса адам жарақат алды. Қаза тапқандар мен хабар-ошарсыз кеткендер де бар.

Сенбіде Венесуэла Үкіметі Кубаға өрт сөндірушілер мен арнайы техника жіберген болатын. Қазір олар бір тәуліктен аса уақыт бойы отты сөндіруге тырысып жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама