×

Алматыда пәтерден әйел мен екі баланың мәйіті табылды

Сот-медициналық сараптама тағайындалды

 Халық үні 07.08.2022 | 12:34
фото: ашық дереккөз

Алматыда «Мамыр» шағын ауданындағы пәтерлердің бірінен 34 жастағы әйел мен екі баланың мәйіті табылды, деп хабарлайды Halyq Uni.

Алматы қаласы полиция департаментінің хабарлауынша, 6 тамызда жедел басқару орталығына «Мамыр» шағын ауданындағы пәтерлердің бірінен үш адамның мәйіті табылғаны туралы хабар түскен.

34 жастағы әйел мен оның 2015 және 2020 жылы туған балаларының мәйіті табылды , - деп хабарлады полиция департаменті.

Материалды жинаудың толықтығын қамтамасыз ету және адамдардың өлімінің мән-жайын анықтау мақсатында тергеу-жедел тобы шықты.  Оқиға орнына полиция департаментінің бастығы Арыстанғани Заппаров барды. Полиция майоры тергеу барысын өз қолына алды.

Сот-медициналық сараптама тағайындалды.

Полиция тергеу барысы туралы қосымша хабарланатын мәлімдеді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама