×

«Біз Z үшін тұрамыз»: Алматы тұрғыны сепаратизмді еркін насихаттап жүр

Мұндай әрекеттер үшін қылмыстық жауапкершілік – 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру көзделген

 Еркеғали Болатұлы 05.08.2022 | 17:32
фото: дереккөз

Алматы тұрғыны автотұрақта терезесіне Георгиевка лентасымен «Z» жапсырмасы жапсырылған көлікті көріп ашуланған. Сол сәтте оны видеоға түсіріп алып, полиция шақырыпты.

TikTok әлеуметтік желісіндегі бейнеде автокөлік иелерінің келгені де көрінеді.

Бәріне сәлем! Дұрыс, біз Z үшін тұрамыз, - деді ер мен әйел.

Видео авторы айтқанын қайталауды сұрағанда, екеуі қосарлана «Біз Z үшін тұрамыз» деп қасарысты.

Newtimes.kz-тің хабарлауынша, ол жерде жанжалдың қалай аяқталғаны әзірге белгісіз. Ал Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл оқиға бойынша хабарламаны прокуратурамен келісілгеннен кейін жария ететіндерін мәлімдеген.

Еске сала кетсек, бұған дейін елордадағы мешітке келген ресейлік туристің футболкасында да осындай белгі болғанын жазған едік.

Ал наурыз айында Бас прокуратураның баспасөз қызметі халыққа, БАҚ-қа және әлеуметтік желілерді пайдаланушыларға қазақстандықтардың Ресей мен Украина арасындағы қақтығысқа қатысу, сондай-ақ ел аумағының тұтастығына қатысты сепаратистік ұрандарға шақырудан бас тарту жөнінде үндеу жолдаған еді. Елімізде мұндай әрекеттер үшін қылмыстық жауапкершілік – 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру көзделген.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама