×

«Әзірет Сұлтан» мешітінде ресейлік турист «Z» белгісімен жүр

Арыз экстремизмге қарсы күрес бөліміне түскен

 Еркеғали Болатұлы 28.07.2022 | 14:34
фото: дереккөз

Елордалық Нұрлан есімді кәсіпкер «Әзірет Сұлтан» мешітіне экскурсияға келген ресейлік туристің әрекетіне шамданып қалды.

«Осторожно, новости» Telegram-арнасының хабарлауынша, мешіттен шыққан соң туристер асханаға барып тамақтанған. Онда келушілер бір туристің үстінен «Z» әрпі салынған футболканы байқап, суретке түсіре бастаған. Сол сәтте ол бетін жабуға тырысыпты.

Осы жайттан кейін ауыл шаруашылығымен айналысатын кәсіпкер полицияға шағымданған. Арыз экстремизмге қарсы күрес бөліміне түскен.

Кәсіпкердің пікірінше, мұндай киім киген ресейліктер «зорлық-зомбылықты, бейбіт адамдардың өлімін қолдайды». 

Терроризмнің мұндай насихатын түбірімен жоймаса, ертең олар өз форумдарында «Қазақстанға барып келдік, бір апта бойы Z символымен жүрдік, ешкім дыбыс та шығарған жоқ» деп жазады, - дейді кәсіпкер.

Оның таныстары мен желі қолданушылар бұл пікірді қолдап отыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама