×

Алматыдағы ЖОО жерлері жекеге заңсыз өтіп кеткен – комиссия өкілі

Заңсыз қабылданған қаулыларды бұзып, жерлерді мемлекеттік меншікке қайтару мақсатында 20-ға жуық арыз дайындалған

 Еркеғали Болатұлы 05.08.2022 | 14:07
фото: ашық дереккөз

Алматы қаласында мемлекеттік жоғары оқу орындарының кейбір жерлері жекеменшікке сатылып кеткен.

«Жер аманаты» комиссиясы төрағасының орынбасары, заңгер Бақытжан Базарбек жерді тиімсіз пайдалануға қатысты нақты мысалдар келтірді. Оның айтуынша, саябақ пен жоғары оқу орындарының кейбір аумақтары жекенің иелігіне өтіп кеткен. Оларды комиссия арнайы тексеріс барысында анықтапты. Енді оны заң аясында мемлекет меншігіне қайтару жұмыстары қолға алынуы керек.

«Заңсыз қабылданған қаулыларды бұзу және жерлерді мемлекеттік меншікке қайтару мақсатында 20-ға жуық арыз дайындап қойдым. Қазір біз осындай тексерістерді жалғастырып жатырмыз», - деді Бақытжан Базарбек.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама