×

Петропавл қаласына жаңа әкім тағайындалды

Руслан Аңбаев бұған дейін Тайынша ауданы әкімі қызметін атқарған

 Халық үні 05.08.2022 | 12:05
Фото: ашық дереккөз

Петропавл қаласына жаңа әкім тағайындалды. Енді бұл қызметті Руслан Аңбаев атқарады, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

Руслан Аңбаев бұған дейін Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімі қызметін атқарған.

Руслан Аңбаев 1978 жылы СҚО-да туған. Қозыбаев атындағы Солтүстiк Қазақстан университетiн экономист-менеджер мамандығы бойынша бітірді.

Еңбек жолын 1999 жылы Тимирязев ауданы бойынша салық комитетiнде аудит бөлiмiнiң аға салық инспекторы болып бастады. 

2002 жылдан 2015 жылға дейiн Есіл, Тайынша және Тимирязев аудандарындағы салық қызметі органдарында әр түрлі қызметті атқарды. 

2015-2019 жылдар аралығында СҚО әкімі аппараты басшысының орынбасары болды. 2019-2020 жылдары Мамлют ауданының әкімі болып жұмыс істеді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама