×

Конфедерация лигасы: бүгін «Тобыл» мен «Қызылжар» қарсыластарымен кездеседі

Матчтар «Qazsport» телеарнасында астана уақытымен сағат 23.00 мен 1.00-де басталады

 Дастан Жұмабекұлы 04.08.2022 | 10:56
фото: ivest.kz

Бүгін футболдан UEFA Конференция лигасының үшінші іріктеу сатысында Қостанайдың «Тобыл» және Петропавлдың «Қызылжар» командалары қарсыластарымен кездеседі.

Бұл матчтарды «Qazsport» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді. Алдымен «Қызылжар» сырт алаңда Кипрдің АПОЭЛ командасымен күш сынасады. Кездесу астана уақытымен сағат 23.00-де басталады.

АПОЭЛ командасы 1926 жылы құрылған. Кипрдың чемпионатын 28 рет жеңіп алған. Бұған дейін Еурокубок ойындарында Қазақстан командалармен жеті рет кездесті. Оның алтауында «Астанамен» ойнаған.

АПОЭЛ мен «Қызылжар» кездесуінде бельгиялық Эрик Ламбрехтс бас төреші болса, оған отандастары Йо де Вейрдт пен Матиас Хилларт көмектеседі. Қосалқы төреші де - сол елдің өкілі Яспер Вергооте.

Қостанайдың «Тобылы» да сырт алаңда Босния және Герцоговинаның «Зриньски» клубымен ойнайды. Кездесу астана уақытымен сағат 1.00-де басталады.

Командалар 2010/11 жылғы кезеңде Еуропа лигасында бір мәрте кездесті. Екеуінде де босниялық клуб 2:1, 2:1 есебімен жеңіске жетті.

Осы жолы «Зриньски» мен «Тобыл» матчында португалиялық Антониу Нобре бас төреші қызметін атқарады. Оған отандастары Педру Рибейру мен Педру Мартинш көмектеседі. Қосалы төреші де - сол елдің өкілі Андре Нарсишу.

Бұдан бұрын Конференция лигасы екінші іріктеу сатысында «Тобыл» мен «Қызылжар» жеңіске жетіп, «Астана» мен «Қайрат» жарыс жолынан шығып қалған еді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама