×

Алматыда қант тапшылығы жоқ – әкімдік

Қалада өнімге сұраныс 2 есе артқан

 Дәурен Ерболат 03.08.2022 | 17:37
Фото: ТАСС

Бүгінде Алматыда қант тапшылығы жоқ. Бұл туралы қалалық кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының басшысы Берік Солтанбаев айтты, деп хабарлайды Halyq Unі тілшісі.

Алматыда қант тапшылығы жоқ. Оған қолжетімділік қамтамасыз етілген, - деді басшы өңірлік коммуникация қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Берік Солтанбаев қантқа сұраныс 2 есе артқанын (120 тоннадан 250 тоннаға дейін), бұл тұрғындардың тосап әзірлеуімен байланысты екенін атап өтті.

«Қанттың 40%-дан астамын Алматы, Жетісу облыстарының тұрғындары сатып алады. Сондықтан үй, бөлшек сауда желілері мен базарларға қант жеткізу 180 тоннаға дейін өсті», - деді ол.

Соңғы 3 аптада қалада 40 тонна қант сатылған.

Бағаның негізсіз өсуіне жол бермеу және оны тұрақты ұстау үшін барлық сауда объектісіне тұрақты мониторинг жүргізіледі. Мысалы, тұрғындардан түскен шағым бойынша үйдің жанындағы 12 дүкенге қатысты тексеріп жүріп жатыр. Қант бағасын негізгіз көтерген, - деді Берік Солтанбаев.

Алматы әкімдігінің мәліметінше, соңғы аптада қантқа деген сұраныс тәулігіне 150 тоннаға дейін төмендеген.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама