×

Экология министрлігі «АрселорМиттал Теміртау» әкімшілігін жауапкершілікке тартпақ

Кәсіпорын басшылығы лауазымды тұлғаларға тексеру жүргізу үшін қажетті материалдарды беруден бас тартқан

 Жандос Байділда 19.11.2021 | 16:13
көрнекі фото: ашық дереккөзден

Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ның конвертер цехына қатысты жоспарлы тексеру жүргізді.

Тексеру барысында бірқатар бұзушылық анықталды. Сондай-ақ Қарағанды облыстық Экология департаменті 2019-2020 жылғы тексеру нұсқамасының орындалмағанын білді.

Конвертер цехы жұмысында екінші реттік газ тазалаудың қалдық газын аулаудың тиімсіздігі анықталды. Сонымен қатар, тексеру кезінде аспирациялық жүйелерде пайда болатын газдарды ұстау барысындағы кемшіліктерді көзбен көрді. Түтін газының барлық көлемі шатыр терезелері мен фрамугалар арқылы атмосфералық ауаға тарайды. Бұл жағдайлар 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400 ҚР Экологиялық кодексінің 207-бабын бұзып отыр, - деп хабарланды ведомствоның баспасөз қызметінен.

«АрселорМиттал Теміртау» АҚ анықталған бұзушылықтармен келіспеуіне және лауазымды тұлғаларға тексеру жүргізу үшін қажетті материалдарды беруден бас тартқаны үшін Департамент бұл кәсіпорынға қатысты ҚР Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексінің 331-бабының 1-тармағы және ҚР ӘҚБтК 462-бабының 1-тармағы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы хаттама жасады. Әкімшілік материалдардың бәрі Теміртау қаласының әкімшілік құқық бұзушылық бойынша мамандандырылған сотына жолданды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама