×

Нұр-Сұлтан мен Алматыда жаңадан үй салуды шектемек

Министр жаңа үйлерге инженерлік инфрақұрылым тартып үлгермейтінін айтты

 Бауыржан Мұқанов 02.08.2022 | 15:31
Сурет: ашық дереккөзден

Өңірлерді дамытудың ұлттық жобасы аясында Нұр-Сұлтан мен Алматыда тұрғын үй құрылысының көлемін азайтуды ұсынылды, деді Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев.

Қайырбек Өскенбаевтың айтуынша, биылғы жылдың соңына дейін «Қуатты аймақтар – ел дамуының драйвері» жалпыұлттық жобасы бойынша пайдалануға берілген тұрғын үйлердің көлемі 15,1 млн шаршы метрді (137,7 мың тұрғын үй) құрайды.

Бастапқыда 18 млн шаршы метрді салу жоспарланған болатын. Дегенмен, бұл көрсеткішті төмендету ұсынылады.

«Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларының басшылығы жыл сайын инженерлік инфрақұрылымның дайындығына қарай елордада жаңадан салынатын тұрғын үйлерді 2 миллион шаршы метрден, Алматыда 1,5 миллион шаршы метрден асырмауды ұсынды. Жоғарыда айтылғандарды негізге ала отырып, ағымдағы жылы тұрғын үйлерді пайдалануға беру жоспарын 15,1 миллион шаршы метрге қысқартуды және 2023 жылдан бастап тұрғын үй көлемін жыл сайын 200 мың шаршы метрге өсіріп отыруды ұсынамын», – деді Өскенбаев.

Министр урбанизация мен жаңа құрылыстардың өсуіне байланысты жыл сайын қолданыстағы инфрақұрылымға жүктеме көбейіп, сондай-ақ энергия ресурстарына деген қажеттілік артып отырғанын атап өтті. Атап айтқанда, Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында инженерлік инфрақұрылым, ауыз су, жылу және электр қуатымен қамтамасыз ету, сондай-ақ кәріз суларын бұру жұмыстары жетіспейді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама