×

Тоқаевтың тапсырмасымен СҚО әкімі екі орынбасарын қызметтен босатты

Ғани Нығыметов пен Тимур Сұлтанғазиев орындарынан кетті

 Айгерім Таубай 01.08.2022 | 15:21
Фото: Halyq Uni

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақаловтың екі орынбасары қызметінен кетті. Олар – Ғани Нығметов және Тимур Сұлтанғазиев.

Облыс әкімдігінің хабарлауынша, қазір облыс әкімінің үш орынбасары бар. 

 Әкім орынбасарларының екі штаты қысқарды. Штат санының қысқаруына байланысты Ғани Нығыметов пен Тимур Сұлтанғазиев Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары қызметінен босатылды. Олар атқарған міндет қалған облыс әкімінің орынбасарлары арасында қайта бөлінді, – делінген облыс әкімдігінің баспасөз қызметі Halyq Uni ақпарат агенттігінің ресми сауалына берген жауабында.

Әкімдіктегі өзгерістерге қарамастан, қалған облыс әкімдерінің жалақысы өзгерген жоқ.

Айта кетейік, бұған дейін Нұр-Сұлтан қаласы және бірнеше облыс әкімдігіндегі қысқарту туралы хабарланды. Оның ішінде Түркістан облысы әкімдігінде 15 штат қысқартылды. Оның ішінде облыс әкімі орынбасарының бір штаты қысқартылған. Қазір Түркістан облысы әкімі Өмірзақ Шөкеевтің 4 орынбасары қызметін жалғастырып жатыр.

Президент жарлығынан кейін Павлодар облысында 322 штат қысқартылды. Павлодар облысы әкімі орынбасарының екі штаты қысқартылды. 2022 жылдың наурызында Сәкен Шаяхметов пен шілдеде Динара Шаймұратованың лауазымы қысқарды.

Маңғыстау облысы әкімі Нұрлан Ноғаевтың орынбасарларының бір штаты қысқарды. 2022 жылдың маусымында облыс әкімінің бірінші орынбасары қызметіне кіріскен Бекбол Орынбасаров бас маман қызметіне ауыстырылды

Серіктес жаңалықтары

Сараптама