×

Тамызда ауа райы қандай болады?

Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа арайы сақталады

 Дәурен Ерболат 01.08.2022 | 14:34
Фото: media.elitsy.ru

Синоптиктер тамызға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды «Қазгидромет».

Айдың басында оңтүстік өңірлерде күн суытады. Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты елдің шығысында найзағай ойнап, жаңбыр, бұршақ жауады, желдің екпіні 15-25 м/с дейін күшейеді.

Солтүстік өңірлерде түнде және таңертең тұман түсуі мүмкін.

Тамыздың басында солтүстік суық антициклонның әсеріне байланыста елдің солтүстік жартысында ауа райы салқын болады. Алайда алғашқы 10 күннен соң суық антициклонның елден тыс жерге өтуіне және оңтүстік циклонның жылы ауа массалары шығуына байланысты ауа температурасы көтеріледі, - деп жазылған хабарламада.

Нәтижесінде ауа температурасы түнде +18 +23°С, күндіз +25 +33°С-қа дейін жетеді. Оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерде айдың алғашқы 10 күнінде ауа температурасы түнде +15 +20°С-тан +20 +25°С-қа дейін, күндіз +25 +32°С-тан +33 +40°С-қа дейін көтеріледі.

Тамыздың ортасында Қазақстанның солтүстік жартысына қайтадан суық ауа массалары келеді. Осылайша, ауа райы тұрақсыз болады. Алайда күннің сууы ұзаққа созылмайды.

Ауа температурасы түнде +10 +18°С-тан +18 +25°С-қа дейін, күндіз +17 +22°С-тан +25 +30°с-қа дейін ауытқиды, ал оңтүстік өңірлерде ауа температурасының негізгі аясы +28 +38°С-ты, бірақ кейбір күндері күн сууы ықтимал, - деп жазылған хабарламада.

Тамыздың соңында суық ауа массаларының ел аумағына кіруіне байланысты ауа температурасы айтарлықтай төмейді.

«Қазақстанның солтүстік жартысында түнде ауа температурасы +2 +12°С-қа дейін, кейбір жерлерде аяз жүруі ықтимал. Күндіз +15 +20°С-қа дейін, оңтүстік жартысында түнде +10 +15°С-қа дейін, күндіз +20 +27°С-қа дейін төмендейді», - деп жазылған хабарламада.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама