×

«Қазақ Титаны» «Ирандық Халкты» нокаутқа жіберді (ВИДЕО)

Ол бірінші раундта-ақ техникалық нокаутпен жеңді

 Халық үні 01.08.2022 | 08:34
фото: видеодан скриншот

«Қазақ титаны» лақап атымен танылған қазақстандық алып Алмат Жұманов Дубайда (БАӘ) Dubai P7 Arena шаршы алаңында өткен Wicked N' Bad промоутерлік турнирінде өнер көрсетті, - деп хабарлайды Мassaget.kz.

Жұманов өзін «ирандық Халк» деп атайтын Саджад Гарибимен жекпе-жек өткізді. Олар бокс ережесі бойынша әрқайсысы екі минуттан төрт раундтық форматта жұдырықтасты. Бұл жекпе-жекте жеңісті «Қазақ титаны» иеленді. Ол бірінші раундта-ақ техникалық нокаутпен жеңді.

Еске салайық, жекпе-жек алдында Жұманов Гарибиге:«Саджад, сен мені жекпе-жекке шақырдың, мен келдім. Бұл сенің өміріңдегі ең үлкен қателік. Жекпе-жек сен үшін өте қиын болады», - деп айтқан болатын. 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама