×

БҚО-да зейнеткерлерді байлап, тонап кеткен күдіктілер іздестіріліп жатыр

Ауылға қылмыстық істерді зерттейтін тәжірибелі полицейлер жіберілген

 Халық үні 31.07.2022 | 17:04
Фото: ашық дереккөздерден

Батыс Қазақстан облысындағы Ақбұлақ селолық округінде түн мезгілінде ерлі-зайыпты зейнеткерлерді тонаған қылмыскерлер табылмай жатыр.

Болған жағдайды полицияға хабарлаған куәгерлердің айтуынша, мұны үш ер адам істеген. Ауыл әкімдігінің мәліметіне сүйенсек, қариялар балаларынан бөлек тұрады. Ауқатты кісілер екен. Тәртіп сақшылары бір ай бұрын осы қылмысты істеген қаскүнемдерді әлі таба алмай жатыр.

Ауылға қылмыстық істерді зерттейтін тәжірибелі полицейлер жіберілді. Ерлі-зайыпты қарттарға 430 мың теңге көлемінде шығын келген. Күдіктілер олардың қолын байлап, үй ішінің астаң-кестеңін шығарып, тінтіген. Ақша тауып алып, жөндеріне кете барған. Бұл дерек ҚР ҚК 191-бабы (Тонау) бойынша тіркеуге алынды, — дейді облыстық ПД баспасөз қызметіндегілер.

 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама