×

Мемлекет «АрселорМиттал Теміртауды» ерекше бақылауға алды

«АрселорМиттал Теміртау» компаниясының қауіпсіздікті қамтамасыз етуі ерекше бақылауда болады

 Халық үні 30.07.2022 | 13:10
Фото: ашық дереккөздерден

Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин жұмыс сапарымен Қарағанды облысына барып, «АрселорМиттал Теміртау» компаниясының қауіпсіздікті қамтамасыз етуі ерекше бақылауда болатынын мәлімдеді.

Юрий Ильин «АрселорМиттал Теміртау» басшылығын Өнеркәсіптік қауіпсіздік департаментіне шақырып, өндірістегі қауіпсіздік, жұмысшылардың еңбек жағдайларын жақсарту және оларға әлеуметтік қолдау көрсету мәселелерін талқылады. Ол Өнекәсіптік қауіпсіздік департаментіне авариялар мен оқыс оқиғалардың санын азайту үшін қажетті әдістемелік көмек көрсетуді тапсырды.

Министр қауіпсіздік шаралары сақталмаған жағдайда, заң аясында қатаң шаралар қабылданатынын, тіпті өндірістің жұмысы тоқтатылатын ескертті. Себебі 2022 жылдың басынан бері өндірісте 13 авария мен 103 оқиға тіркелген.

Төтенше жағдайлар министрлігі қызметінің маңызды құрамдас бөлігі министрлік пен қоғамның өзара тиімді әрекеттесуіне мүмкіндік беретін халықпен кері байланыс орнату. Біз Азаматтар жазған өтініштерді қарап, қажет шараларды қабылдаймыз, — деді Юрий Ильин.

Бұған дейін «АрселорМиттал Теміртау» цехында пештің күмбезі құлап, 4 адам қаза тапқаны туралы хабарланды.

Сонымен қатар Әлихан Смайылов та кәсіпорын басшылығын өндірістегі жазатайым оқиғалардың алдын алу және экологиялық міндеттемелерді сақтау бойынша пәрменді шаралар әзірлеуге шақырған.

 

 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама