×

«АрселорМиттал Теміртау» цехының шатыры құлады: төрт жұмысшы қаза тапты

Бір адам ауруханаға түсті

 Ербол Тұрымбет 10.06.2022 | 18:17
көрнекі фото: ашық дереккөзден

Бүгін «АрселорМиттал Теміртау» цехтарының бірінде металлургиялық пешті жөндеу кезінде 4 адам қаза тапты. Бұл туралы Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек мәлімдеді.

«Бүгін «АрселорМиттал Теміртауда» отқа төзімді материалдармен жұмыс жасайтын мамандар қазаға ұшырады. Қайғылы оқиға жұмыс жасамайтын жылу пешіндегі отқа төзімді материалды бөлшектеу кезінде орын алды. 4 адам қайтыс болып, біреуі ауруханаға түсті», - деп жазды облыс басшысы.

Оқиға орнында ТЖД, өнеркәсіптік қауіпсіздік мамандары, сондай-ақ комбинат басшылығы және басқа да жауапты тұлғалар жұмыс істеп жатыр. 

«Құрылысмет» ЖШС («АМТ» АҚ еншілес кәсіпорны) мастер-пресс цехының жұмыс істемейтін №9 термиялық пешінде отқа төзімді құрылысты бөлшектеу кезінде шатыр опырылып құлаған. Пеш күмбезінің құлауы салдарынан (көлемі - 5х5х10м) «АрселорМиттал Теміртау» АҚ металлургиялық пештерді жөндеу цехының 5 маманы үйінді астында қалды. Олардың төртеуі қаза тапты.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама