×

Күйеу жігіт болашақ қалыңдығын үйлену тойында тастап кетті

Тойға дейін анасы болашақ келінін тек суреттен ғана көрген

 Халық үні 30.07.2022 | 07:35
фото: the mirror

Тунисте күйеу жігіт келінін некесін қияр алдында тастап кеткен. Себебі жігіттің анасы болашақ келінінің түрі ұсқынсыз деп санаған, деп хабарлайды The Mirror басылымы. 

Ер адам үйленер алдында сүйіктісін тастап кеткен. Тойға дейін анасы болашақ келінін тек суреттен ғана көрген. Ал той алдында көрген соң бойы тым аласа және түрі тартымды емес деп айтқан. Осы себепті тойды тоқтатуға тура келген. 

Кейін қыз әлеуметтік желіде жазба жариялап, тойға дайындалу үшін қомақты қаржы жұмсағанын айтқан. Ал қаржылай көмектесетін ата-анасы жоқ екен. Ол күйеу жігіттің анасы тойды тоқтатуға мәжбүрлегенін көргенде аң-таң болғанын айтады. Енді қыз көпшіліктің алдына шығуға ұялады екен, себебі артынан әңгіме айтатындар көбейген. 

Желі қолданушылары қызды қорғап, күйеу жігіттің анасын қатаң сынға алған. Кейбірі жігітті «анасының баласы» деп атаған. 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама