×

Шекара қызметінің офицері жұмбақ жағдайда қайтыс болды

ІІМ Оңтүстік өңірлік әскери тергеу басқармасы сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр

 Еркеғали Болатұлы 29.07.2022 | 10:16
фото: ашық дереккөз

27 шілдеде ҰҚК Шекара қызметі Жамбыл облысы бойынша департаментінің офицері Азат Үмбетұлы Қордай аудандық орталық ауруханасында көз жұмды.

ҰҚК баспасөз қызметінің хабарлауынша, өлімнің алдын ала себебі миға қан кетуімен байланысты екені анықталған.

ҰҚК Шекара қызметінің басшылығы мен жеке құрамы марқұмның туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады, қажетті көмек көрсету шараларын қабылдап жатыр, - делінген хабарламада.

Ал бұл факті бойынша ІІМ Оңтүстік өңірлік әскери тергеу басқармасы сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Ұлттық ұланда соңғы бес жылда 75 әскери қызметшінің қайтыс болғанын хабарлаған едік

Серіктес жаңалықтары

Сараптама