×

Аққайыңда шатыры опырылып түскен мектептің оқушылары биыл сабаққа барады

Солтүстік Қазақстан облысында биыл 27 мектепте күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр

 Самат Жақып 28.07.2022 | 18:35
Halyq Uni / Samat Zhaqyp

Солтүстік Қазақстан облысында жаңа оқу жылына дайындық қыза түсті. Биыл өңірде 27 мектепте күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Оған республикалық және облыстық бюджеттен 2,4 миллиард теңге бөлінген, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

Аққайың ауданы Тоқшын ауылындағы Тоқшын мектеп-гимназиясы 1960 жылдары салынған. Тек 2014 жылы терезесі мен жылу желісі жаңартылған. Биыл мектепте күрделі жөндеу жұмыстары басталды. Құрылысшылар ғимарат едені мен есігін толық ауыстырып жатыр. Содан кейін шатыры да жаңартылады.

Қажет материалдың барлығы сатып алынды. Қазір жұмыс жоспарға сәйкес жүрігізіліп жатыр. Жұмыс 30 мамырда басталды. Қазірге дейін интернаттың шатыры, есік-терезесі және едені ауыстырылды, - дейді Тоқшын мектеп-гимназиясының директоры Күлшара Хамидуллина.

Құрылыс жұмысы тамыздың соңында аяқталады деп жоспарланған.

25 адам жұмыс істеп жатыр. Интернаттағы жұмыстарды аяқтады.  Мектеп еденін ауыстырып, линолиум төсейміз. 25 тамызға дейін барлық жұмысты аяқтаймыз, - дейді мердігер Айбол Түлеков.

Айта кетейік, былтыр оқу жылының аяғында бұл мектептің акт залының төбесі құлаған. Соған байланысты балалар қашықтан оқуға жіберілді.

Бұдан бөлек Тайынша ауданында құлайын деп тұрған тағы үш мектеп бар. Облыстық білім басқармасының хабарлауынша, олардың орнына жаңасы салынады. Сондай-ақ облыс бойынша жүздеген білім ошағына жөндеу жұмыстарын жүргізу қажет.  

Серіктес жаңалықтары

Сараптама