×

Назарбаев әуежайына «бомба» қойылды

Хабарлама сағат 09.46-да келіп түсті

 Дастан Жұмабекұлы 28.07.2022 | 13:09
Фото: gov.kz

Бүгін Нұрсқлтан Назарбаев халықаралық әуежайының электронды поштасына жарылғыш зат туралы хабарлама келіп түсті. Тәртіп сақшылары оқиға орнында болды.

28 шілде күні сағат 09.46-да «102» телефон номеріне авиациялық қауіпсіздік қызметінен әуежайдың электронды поштасына әуежайға қолдан жасалған жарылғыш зат қойылғаны туралы хабарлама келгені туралы ақпарат келіп түсті, –  деп хабарлады Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті.

Хабарламада полицияның әуежайды тексергені айтылған. Жарылғыш зат табылмады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама