×

Зеленский Черчилл атындағы сыйлықпен марапатталды

«Путиннің жабайы басқыншылығына төтеп беріп, адам нанғысыз батылдық пен қайсарлық көрсеткені үшін», - делінген хабарламада

 Дастан Жұмабекұлы 27.07.2022 | 14:45
фото: twitter.com

Ұлыбритания Үкіметі Украина президенті Владимир Зеленский Уинстон Черчилл атындағы сыйлықпен марапаттады.

Бұл хабар Британия Үкіметінің Twitter-дегі парақшасында жарияланды.

Украина президенті Владимир Зеленскийге  «Путиннің жабайы басқыншылығына төтеп беріп, адам нанғысыз батылдық пен қайсарлық көрсеткені үшін» Уинстон Черчилл атындағы сыйлық берілді, - делінген хабарламада.

Ұлыбританияның премьер-министрі Борис Джонсон Зеленскийге сыйлықты кездескенде тапсыратынын айтты. Салтанатты шара Даунинг-стритте болды. Оған Украина президенті видеобайланыспен шықты.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама