×

Ресей аруын таңдады

Байқауда Орынбордың тумасы жеңімпаз атанды

 Дастан Жұмабекұлы 26.07.2022 | 11:55
фото: qostanay.tv

«Ресей аруы – 2022» байқауының жеңімпазы анықталды. Конкурста Орынбор қаласының тумасы Анна Линникова бас жүлдені жеңіп алды.

Sibnet.ru порталының хабарлауынша, Линникова 2002 жылы туған. Ол 6 жылдан астам уақыттан бері модель болып жұмыс істеп келеді. Келісімшарт бойынша Қытай, Жапония, Оңтүстік Корея, Вьетнам, Индонезия мен Малайзияда қызмет еткен.

Биылғы Ресейдің аруы әйелдер киімдерінің брендін жасаған екен. Ағылшын тілін жақсы біледі. Француз тілін де үйреніп жатқан көрінеді. Бос уақытында музейлерді аралағанды, өнер тарихы туралы кітаптарды оқығанды жақсы дейді білетіндер.

Байқауда бірінші вице-ару болып 19 жастағы Анна Будаева деген бойжеткен атанды. Ол бұған дейін «Чебоксары ару-2020» және «Чувашия ару-2022» атақтарын иеленген. Бұл қыз да модель. Программист мамандығына оқып жатқан көрінеді.

Екінші вице-ару болып Хабаровск өлкесінің өкілі Дарья Немаева жеңіп алды. Оның да жасы 19-да. Осыған дейін ол «Қиыр Шығыс-2019 аруы» атағына ие болған. Ол сұлулық салонында жұмыс істейді. Қосымша модельдерге арналған мектепте дәріс береді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама