×

Ақмола облысында күдіктілерді алғаш рет әйелдер жасағы ұстады

Олар уақытша ұстау изоляторына қамалды

 Дастан Жұмабекұлы 25.07.2022 | 17:10
Көрнекі фото

Ақмола облысында есірткі дайындады және өткізді деген айыппен күдіктілер ұсталды. Күдікті әйелді полицияға жеткізу үшін алғаш рет әйелдерден құралған арнайы жасақ жұмылдырылды.

Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, Атбасар қаласындағы есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері «Қарасора – 2022» жедел алдын алу шарасы барысында гашиш майын дайындады және сатумен айналысты деген күдікпен азаматтық некедегі ерлі-зайыптыларды қолға түсірді.

38 жастағы ер адам мен оның 37 жастағы зайыбы үйде қарасорадан каннабис сығындысын жасап, одан алынған препаратты сатқан. Сонымен қатар, ер адам бұрын есірткі заттарының заңсыз айналымына байланысты қылмыстары үшін сотталған, әрі есірткіні өзі де қолданып келген, –  делінген ведомствоның хабарламасында.

Күдіктілерді ұстау кезінде олардан 4 грамнан астам гашиш майы табылды. Олардың үйін тінту кезінде де осыған ұқсас зат тәркіленді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама