×

Путинді Гаага соты күтіп тұр: трибунал жыл соңында ашылады

Ресей әскерилерінің Украинадағы қылмыстарын тексеруге 45 ел көмектесетін болады

 Дастан Жұмабекұлы 22.07.2022 | 10:38
фото: ava.md

Гаагадағы Халықаралық қылмыстық сот алдағы қыста Ресейдің Украинадағы соғыс қылмыстары туралы бірінші істі қарауды жоспарлап отыр.

Бұл туралы The Moskow Times порталы хабарлады.

Әскери қылмыстар жөніндегі трибунал жылдың соңына дейін ашылады.

Процестің нақты қай күні болатыны әлі белгіленген жоқ. Оның ұзаққа созылып кетуі әбден мүмкін. Себебі, оған дайындық үшін де біраз уақыт керек.

Сот биылғы 2 наурызда 39 мемлекеттің шағымынан кейін РФ армиясының Украинадағы соғыс қылмыстарын тексеруді бастап кетті. Осыған байланысты прокурор Карим Хан адамзатқа қарсы қылмыс пен геноцид айғақтарын жинауға кіріскенін мәлімдеді. Соғыс қылмыстарының айғақтарын жинау үшін бірлескен тергеу тобы құрылды. Оған бірнеше Еуропа мемлекетінің, соның ішінде Халықаралық қылмыстық сот пен Еуропа юстициясының өкілдері кірді.

Қазір ХҚС пен Украина Киевтің Гаагаға Ресейдің тұтқынға түскен кемінде бір шенеунігін беруі жөнінде келіссөз жүргізіп жатыр. Ол РФ-ның жоғары лауазымды командирлеріне қарсы айғақтар бере алатын адам болуы тиіс.

Ресей әскерилерінің Украинадағы қылмыстарын тексеруге 45 ел көмектесетін болады. Олардың арасында АҚШ, Еуропа одағы елдері, Ұлыбритания, Канада, Мексика және Австралия бар. Сонымен бірге Украинадағы соғыс қылмыстарына тергеуді Германия, Франция, Эстония, Литва мен Польша сияқты елдері де жүргізеді.

Нидерланд Украинадағы соғыс қылмыстары жөнінде бөлек халықаралық трибунал құруды ұсынып отыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама