×

Зеленскийдің зайыбы АҚШ-тан қару-жарақ сұрады

Ол Конгресте Украинаның қиын жағдайда қалғанын айтты

 Дастан Жұмабекұлы 21.07.2022 | 10:49
фото: life.ru

Украина президентінің әйелі Елена Зеленская АҚШ презденті Джо Байденмен, оның зайыбы Джилл Байденмен және Мемлекеттік департаменттің басшысы Энтони Блинкенмен кездесіп, одан кейін Конгресте қос палатаның депутаттарының алдында сөз сөйлейді.

Мен бұл жерге Құрама Штаттардың бірінші леди Джилл Байденнің шақыруымен келдім. Ол мамыр айында Украинаға келіп, соғыс салдарынан үйінен, жақындарынан айырылған жандармен әңгімелесті. Енді менің АҚШ-та Украинаның агрессорға қарсы күресін айтуға кезегім келді, –  деді Зеленская.

Конгресте Зеленская америкалықтарға Ресей оккупанттарының бүлдіршін, сәби, бейбіт тұрғындарды өлтіріп жатқанын айтты. Қарапайым халықты қорғау үшін әуе зымыранынан сақтанатын қондырғы мен зұлымдықты бірге жеңу жолында көбірек қару-жарақ беруін сұрады.

 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама