×

«Қарсы шабуыл кезінде жүздеген мың орыс басқыншысын тұтқынға аламыз» – Алексей Арестович

Бұл туралы ол ресейлік журналист Юлия Латынинамен болған тікелей эфир барысында айтты

 Қанат Атаманов 21.07.2022 | 00:30
Фото: ашық дереккөздерден

Ресей басқыншылары Украина Қарулы Күштерінің болашақ қарсы шабуылы кезінде жаппай тұтқынға түседі деп болжайды Президент кеңсесі басшысының кеңесшісі Алексей Арестович. Бұл туралы ол ресейлік журналист Юлия Латынинамен болған тікелей эфир барысында айтты.

Біздің қарсы шабуылымыз болған кезде жүздеген мың тұтқындармен не болатынын елестетіп көріңіз. Себебі шабуыл кезінде әрқашан тұтқындар саны көп болады. Ресей армиясындағы тұтқындарымыз бізден гөрі әлдеқайда көп. Біз қарсы шабуылға барған кезде ресей жауынгерлерін жаппай тұтқындаймыз, - деп түсіндірді Алексей Арестович.

Журналистің неліктен Украина Қарулы Күштері қазір қарсы шабуыл ұйымдастырмай отыр деген сұрағына Алексей Арестович оңтайлы сәтті күтіп отырғанын айтты.

Біздің міндетіміз - жауды барынша шаршату. Өйткені, Ресей әскері алға жылжу қабілетін жоғалтуы керек. Сонда жау біздің қарсы шабуылымызға тойтарыс бере алмайды, - деп толықтырды ол.

УНИАН порталы хабарлағандай, Украина президенті Владимир Зеленский бұған дейін Ресей әскери күштері Мариуполь қаласындағы Азовсталь зауытынан 2,5 мыңнан астам украин жауынгерін тұтқындағанын мойындаған. Ал америкалық сарапшылар Кремль Украина Қарулы Күштерінің шабуылын тежеу үшін ядролық қауіп-қатерді пайдалануы мүмкін деген болжам жасады.

Біз бұған дейін сарапшылардың Украина бітімге барса, тағдыры аянышты болуы мүмкін деген пікірде екені туралы жазған болатынбыз.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама