×

Рыбакинаның жолымен: Ресейдің бірінші ракеткасы әріптестерін азаматтығын ауыстыруға шақырды

Дарья Касаткина қазір 25 жаста. WTA-рейтингінде 12-орында тұр

 Қанат Атаманов 20.07.2022 | 22:03
Фото: ашық дереккөздерден

Менің ойымша, елімізде азаматтығын өзгертуге мүмкіндігі бар көптеген талантты балалар. Шынымды айтсам, біз «Уимблдоннан» шеттетілігеннен кейін жағдайдың қандай болатынын білмейміз. Мен балаларға егер мүмкіндік болса, азаматтықтарын өзгертуге кеңес беремін. Ресей спорты, соның ішінде теннис кемі 10 жылға тоқырайды. Біз енді ешқандай жарыстарға қатыса алмаймыз. Жағдайы бар талантты жас теннисшілер қазірден бастап азаматтығын ауыстырып, басқа елдің атынан өнер көрсетуі керек, - деді Дарья Касаткина.

Ресей Мемлекеттік Думасының депутаты Роман Терюшков теннисші Дарья Касаткинаны қылмыстық жауапкершілікке тартуды ұсынды. Оның айтуынша, спортта беделі бар және рейтингте көш бастап тұрған отандасының мемлекеттік жүйенің негізін құлатуға шақырғанын елемеуге болмайды.

«Соңғы бір жарым ғасырдағы орыс адамы үшін спортшылар үлгі болды. Бірақ спортшының мұндай үндеуінің салдары үлкен болуы мүмкін. Менің ойымша, бұл жерде ең алдымен Касаткинаны қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы мәселе көтерілуі керек. Ұлттық құраманың ауысуын насихаттау және балаларды азаматтықты өзгертуге шақыру – бұл мемлекеттіліктің негізін бұзу, елге қарсы қылмыс. Әрине, Дарья Касаткина өз пікірін осылай білдірді дейді. Бірақ атақты адамдар әрқашан өз сөздері үшін жауап береді. Ал Касаткинаның бұл сөздері экстремизмге ұқсас. Сондықтан ол тиісті жазаға тартылуы керек», - деді Дене шынықтыру және спорт комитетінің мүшесі.

Айта кетсек, Дарья Касаткина қазір 25 жаста. WTA-рейтингінде 12-орында тұр.

Біз бұған дейін Ресейдің бірінші ракеткасы каминг-аут жасағаны туралы жазған болатынбыз.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама