×

Украина әскерлері «HIMARS-пен» Қырымға соққы беруге дайындалып жатыр

Ол түбекті толығымен азат етуге мүмкіндік береді

 Дастан Жұмабекұлы 18.07.2022 | 17:36
фото: russian.rt.com

Украина барлау қызметі Қарулы күштердің америкалық ракеталармен Қырымға соққы беруге дайын екенін мәлімдеді.

Бұл туралы The Moskow Times порталы хабарлады.

Қырымдағы Ресей нысандары украин әскерилерінің нысанасына айналуы мүмкін. Оларға шабуыл жасауда америкалық «HIMARS» жүйесі пайдаданылады, – деді Украина Қорғаныс министрлігі бас штабының өкілі Вадим Скибицкий.

Оның айтуынша, қазір бұл түбек Ресейдің Украинаның оңтүстігіне әкелетін барлық қару-жарақтарының ордасына айналған. Бұдан басқа, Ресей әскерлері Қара теңіз акваториясынан украин қалаларын атқылап жатыр.

Бұлар – ең алдымен осында тұрақты жауынгерлік кезекшілік қызмет атқаратын, сосын мезгілдің қай уақыты екеніне қарамастан үнемі бұйрық күтіп тұратын «Калибр» жүйесі, фрегаттар, шағын ракета корабльдері, сүңгуір қайықтар. Есесіне бұлардың бәрі біздің азаматтарымыздың, нысандарымыздың және жалпы Украинаның қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін бір жерден жойып жіберуімізді қажет ететін нысаналардың бірі, – деді Скибицкий.

Америкалық ракеталардың арқасында Украина Қарулы күштері екі жетіде РФ армиясының 30 логистикалық нысанын жойып жіберіп, жаудың шабуыл жасаушылық қарқынын біраз басып тастады.

Украина билігі енді «HIMARS-тың» 300 шақырымға дейін түрін алудан үміттеніп отыр.

Украина Қорғаныс министрі Олексий Резников АҚШ қаруының Киевке Қырым мен Донбасты қайтарып алуға мүмкіндік беретінін ашып айтты.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама