×

Зеленский өзінің бала кезінен бері бірге келе жатқан досын қызметінен босатты

Екеуі Кривой Рогта көрші тұрған, бір мектепте және Вадим Гетман атындағы КНЭУ Криворожск экономикалық институтында да бірге оқыған

 Еркеғали Болатұлы 18.07.2022 | 14:33
фото: ашық дереккөз

Украинаның президенті Владимир Зеленский бала кезінен бергі досы, Қауіпсіздік кеңесінің басшысы Иван Бакановты және Бас прокурор Ирина Венедиктованы қызметінен босатты деп хабарлады gazeta.ru.

Украина президенті бұл шешімін мемлекеттік өзгерістер, Украинаның күш құрылымдары қызметкерлері мен РФ арнайы қызметтері арасындағы байланысқа қатысты қабылданған өте маңызды мәселе деп түсіндірген.

Айта кетсек, Ирина Венедиктова ол қызметінде 2020 жылдың наурыз айынан бері Бас прокурордың міндетін атқарушы болып отырған. Ал Иван Баканов Қарулы күштердің қызметтік міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін «адам өліміне немесе басқа да ауыр зардаптарға әкеп соққан» тәртіптік Жарғының 47-бабы бойынша босатылып отыр.

Зеленский Бакановпен Кривой Рогта көрші тұрған және бір мектепте оқыған. Тіпті, екеуі Вадим Гетман атындағы КНЭУ Криворожск экономикалық институтында да бірге оқыған.

Иван Баканов Владимир Зеленскийдің сайлау штабының басшысы, сонымен қатар Квартал-95 студиясының жетекшісі және заңгері де болды. Ол 2019 жылдың тамыз айынан бастап Қауіпсіздік кеңесінің басшысы қызметін атқарып, осы уақытқа дейін бөлім басшысының бірінші орынбасары болып жұмыс істеген.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама