×

Украинаға тағы бір жойқын қару келді

М270 «HIMARS-пен» бірге жаудың тас-талқанын шығарады

 Дастан Жұмабекұлы 18.07.2022 | 13:09
фото: pravda.com.ua

Украина Қарулы күштері алыстан ататын М270 дүркін отты ракета жүйесін алды. Ол енді «HIMARS-пен» бірге жаудың талқанын шығарып, керемет дуэт құрады.

Бұл туралы «Украинская правда» хабарлады.

Украина Қорғаныс министрі Алексей Резников қарудың Ұлыбританиядан жеткізілгенін Twitter-де жазды.

Британиядан М270 дүркін отты ракета жүйесінің алғашқылары келіп жетті. Ол енді майданда «HIMARS-пен» керемет жұп құрып, оккупанттарды екі жақтап естерінен тандырады, – деп жазды ол.

Резников осындай көмегі үшін әріптестеріне алғыс сезімін білдіріп, енді жауды аяудың болмайтынын айтты.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама