×

COVID-19: 8 мыңнан аса науқас емделіп жатыр

3 науқастың жағдайы өте ауыр

 Дәурен Ерболат 18.07.2022 | 09:06
Фото: ТАСС

Қазақстанда коронавирус жұқтыру көрсеткіші сәл төмендеді, деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігі.

Өткен тәулікте коронавирус жұқтырудың  1477 дерегі тіркелді:

  • Нұр-Сұлтанда – 493,
  • Алматыда – 573,
  • Шымкентте – 66,
  • Ақмола облысында – 30,
  • Ақтөбе облысында – 6,
  • Алматы облысында – 91,
  • Атырау облысында – 30,
  • Шығыс Қазақстан облысында – 8,
  • Жамбыл облысында – 59,
  • Батыс Қазақстан облысында – 19,
  • Қарағанды облысында – 33,
  • Қостанай облысында – 6,
  • Қызылорда облысында – 22,
  • Маңғыстау облысында – 6,
  • Павлодар облысында – 10,
  • Солтүстік Қазақстан облысында – 5,
  • Түркістан облысында – 20.

Осылайша, елімізде COVID-19 жұқтырғандар саны 1 318 44 адамға жетті. 

316 адам коронавирустан айықты:

  • Нұр-Сұлтанда – 76,
  • Алматыда – 232,
  • Қызылорда облысында – 5,
  • Павлодар облысында – 3.

Елімізде барлығы 1 295 754 адам COVID-19-дан емделіп, сауығып шықты.

18 шілдедегі мәлімет бойынша 8 733 адам коронавирустан емделіп жатыр.

Олардың ішінде 680 пациент стационарда, 8 053 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. 15 адамның жағдайы ауыр, 3 пациенттің жағдайы өте ауыр, 1 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр, - деп жазылған хабарламада.

Айта кетейік, кеше COVID-19 жұқтырудың 1546 дерегі тіркелген еді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама