×

Байден Сауд Арабиясының тақ мұрагерін «журналисті өлтірді» деп айыптады

Бұл әлемдік мұнай нарығындағы жағдайдың айтарлықтай өзгермейді дегенді білдіреді

 Қанат Атаманов 16.07.2022 | 22:00
Фото: inform.kz

АҚШ президенті Джо Байден Сауд Арабиясы Корольдігінің Тақ мұрагері Мұхаммед бин Салман әл-Саудты 2018 жылы қаза тапқан журналист Джамал Хашоггидің өліміне жауапты деп санайды. Ақ үй басшысы тиісті мәлімдемені Сауд Арабиясының басшылығымен келіссөздер нәтижелері бойынша өткен баспасөз конференциясында жасады. Бұл шараға ханзаданың өзі де қатысқан.

Кездесу барысында Мұхаммед бин Салман әл-Сауд шын мәнінде The Washington Post газетінің журналисі Джамал Хашоггидің өліміне еш қатысы жоқ екенін айтты. Ал менің ойымша, оның бұл қазаға тікелей қатысы бар, - деді Джо Байден.

АҚШ басшылығының бұл сөзіне қарағанда қос тарап ешқандай да келісімге келе алмағанын көрсетеді. Осылайша, американдық БАҚ-тың Сауд Арабиясы Джо Байденнің Эр-Риядқа сапарының нәтижелері бойынша мұнай өндіруді арттырмайды деген қорқынышы толығымен расталды.

Бұл әлемдік мұнай нарығындағы жағдайдың айтарлықтай өзгермейді дегенді білдіреді. Өйткені, Сауд Арабиясы мен БАӘ өндірісті едәуір ұлғайту үшін резервтік қуаттары бар ОПЕК+ форматының жалғыз мүшелері. Араб монархиялары бұл «қауіпсіздік жастығын» АҚШ-тың қалауы бойынша қолдануға дайын емес сияқты.

Еске салсақ, The Washington Post газетінің журналисі, Эр-Рияд саясатына қатысты сын мақалаларымен танымал Джамал Хашогги 2018 жылдың 2 қазанында Сауд Арабиясының Стамбулдағы Бас консулдығына барғаннан кейін жоғалып кеткен болатын. Сол жылдың 20 қазанында ел билігі оның дипломатиялық өкілдіктің ғимаратында өлтірілгенін хабарлады. АҚШ билігі Сауд Арабиясының мұрагер ханзадасы тілшіні өлтіру туралы бұйрық берді деп санайды.

EADaily хабарлағандай, Джо Байденнің Сауд Арабиясына сапарына дейін американдық сарапшылар патшалық мұнай өндіруді арттырмайтынын болжаған.

Айта кетсек, Йемендегі соғыс, адам құқығы мәселесі және энергияның қымбаттауына байланысты АҚШ пен Сауд Арабиясының қарым-атынасы шиеленісті күйде тұр. Парсы шығанағындағы елдердің Ресей және Қытаймен қарым-қатынасы барған сайын тереңдете түсуі Джо Байден үкіметін алаңдатып отыр. Сондай-ақ, АҚШ-тың аталған аймақтағы позициясы салқындай бастады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама